Назарбаев: Біз өзімізде шығатын тауарды импорттап келеміз

ҚР СІМ
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Назарбаев ақылды интеграция форматын ұсынды.

Импортты сараптап, ол тауарларды ЕАЭО елдерінің өзі өндіруі қажет. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Ақылды интеграция форматы. Біздің нені импорттайтынымызды сараптау керек. Мен біздің қазақстандық құрылымға қарадым, инфляцияның 50% тауар импортынан келеді. Ал не импорттайтынымызға қарасақ, оның ішінде өзімізде өндірілетін тауарлардың бәрі жүр, – деді Назарбаев.

Оның сөзінше, импортталатын тауарлардың ішінде туфли, бәтіңке, шұлық-нәски, тіпті азық-түлік те бар.

– Бірақ оның бәрі біздің елдерде өндіріледі. Неге өзімізде өндірмеске? Комиссия аясында осыған сараптама жасайтын адамдар тобын құруымыз қажет. Біз тіпті әскерилердің киіміне дейін импорттайды екенбіз. Нарықты кеңейту, ақша табу мен жұмыс орындарын ашуға қандай кең мүмкіндіктер бар екенін көре тұра, мұндайға жол беру масқара, – деп атап өтті Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды