Қостанайда 99 отбасы "Нұрлы жермен" пәтер алды

99 пәтерлік тоғыз қабатты жаңа үй "Әуежай" шағын ауданында орналасқан.

2019 жылғы 30 мамырда Қостанай қаласында Қазақстан Ипотекалық Компаниясы кезекте тұрғандарға "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында "Сатып алу мүмкіндігімен жалға беру" бағыты бойынша жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

99 пәтерлік тоғыз қабатты жаңа үй "Әуежай" шағын ауданында орналасқан. Барлық пәтерлер кезекте тұрғандарға әрленген және қоныстануға дайын күйінде беріледі.

Жалдау құны 1 шаршы метр үшін айына 784,11 теңгені құрайды. Пәтер алғандар арасында – көп балалы отбасылар, мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын басқа да азаматтар бар.

Мухатов Арман, "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ Басқарушы директоры:

"Сатып алу мүмкіндігімен жалға беру" – бұл азаматтардың ең осал топтары үшін тұрғын үй мәселесін шешу болып табылады. Қалыптасқан жүйенің ашықтығы тұрғын үйдің шын мәнінде мұқтаж адамдарға берілуін кепілдендіреді, ал бастапқы жарна мен артық төлемнің болмауы отбасыларға қаржылық жүктемені төмендетеді".

Қостанайлық жаңа қоныстанушыларға Әуежай ш.а., 5-үй мекенжайы бойынша бір бөлмелі - 29, екі бөлмелі – 50 және үш бөлмелі - 20 пәтер берілді. Пәтерлердің ауданы 36, 4 ш.м. бастап 69,2 шаршы метрге дейін болды. Жаңа тұрғындарға кілт тапсыру салтанатты рәсімі дәстүрлі түрде жаңа үйдің ауласында өткізілді, өйткені Компания өз жалдаушылары арасында тату көршілік саясатын іске асырады.

Жыл соңына дейін "Сатып алу мүмкіндігімен жалға беру" бағыты бойынша Қостанайда жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар арасында тағы 99 пәтер үлестірілетін болады. 2019 жылғы маусым айында "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Орал қ. кезекте тұрғандарға 177 пәтердің кілтін тапсырады.

Бағдарламаны іске асырудың тұтас кезеңінде, 2015 және 2019 жылдар аралығында, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы аталмыш бағыт бойынша ҚР 21 қаласы мен 3 облысында жалпы ауданы 1 073 340,60 ш.м. болатын, жиынтығында 112 нысанды (18 840 пәтер) пайдалануға берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: