Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 10:18 Сурет: freepik
Ресей президенті Владимир Путин еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты жаңа талаптарды көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, енді шетелдік еңбек мигранты өзін ғана емес, өзімен бірге Ресейде тұратын асырауындағы отбасы мүшелерін де ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес табыспен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл сома өңірлік коэффициентті ескере отырып есептеледі.

Егер мигранттың табысы белгіленген деңгейден төмен болса, оған еңбек патентін немесе жұмыс істеуге берілген рұқсатты ұзартудан бас тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, егер отбасының Ресейде заңды түрде қалуына басқа негіз болмаса, еңбек мигранты кәмелетке толмаған балаларымен бірге 15 күн ішінде ел аумағынан шығуға міндетті болады.

Жаңа заңға сәйкес, еңбек мигранттарының балалары Ресейде ата-анасының еңбек патенті немесе жұмысқа рұқсатының мерзімі аяқталғанға дейін ғана тұра алады.

Ал олар 18 жасқа толғаннан кейін 30 күн ішінде Ресейден кетуі немесе елде қалу үшін өз атына еңбек патентін рәсімдеуге өтініш беріп, салық бойынша алдын ала төлем жасауға міндетті.

Алайда Ресейде тұруға өзге де заңды негіздері бар адамдарға бұл талап қолданылмайды.

Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Ұлыбритания толықтай электронды визалар жүйесіне көшкенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: