Алматыдағы жолайрықтардың қабырғаларынан алынған тақталар мектептерге беріледі

Баспасөз қызметі
Олар басқа нысандарға пайдаланылатын болады.

Көлік жолайрықтарының тіреуіш қабырғаларынан демонтаждалған гранит тақталар тротуралардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына және көшелерді абаттандыруда пайдаланылатын болады, сондай-ақ әлеуметтік нысандарда қолданылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала мобильдігі басқармасының хабарлауынша, 5 жолайрықтан демонтаждалған барлық тақталарды игеру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда алғашқы жолайрықтан 6,5 мың шаршы метр тақта алынды, оның 2,1 шаршы метрі тунелдің төменгі жағын қаптауға пайдаланылған. 1,2 мың шаршы метр жарамсыз тақталар тротуарларға төселеді, сонымен қатар мектептер мен ауруханалардың сыртқы жағына қолданылмақ. Ал бүтін тақталар Райымбек-Розыбакиев, Сүйінбай-Райымбек және Жароков-әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы көлік жолайрықтарындағы жөндеу жұмыстарында пайдаланылып жатыр.

Мектептер әзірден ғимарат сыртын әрлеу үшін демонтаждалған тақталарға өтінім беріп жатыр, жөндеу жұмыстары шілдеде басталады. Білім мекемелері мектептерді жөндеу жұмыстары кезінде шығынның көбісі инженерлік жүйелерді жүргізуге кетіп, абаттандыруға келгенде үнемдеуге тура келетінін алға тартып отыр. Олардың айтуынша, бұл жөндеу жұмыстарын айтарлықтай шығынсыз аяқтауға жақсы мүмкіндік екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі