Айып тұрағында тоналған ескі "Тойотасы" үшін 2 миллион талап етті

kolesa.kz
Оның ескі көлігін айып тұрағында біреулер аямай тонаған, ал көлік иесі енді кінәліні тауып, өзі де ақшаға бір кенеліп қалмақ.

2017 жылы полицейлер Нұрбол Мырзабаевты көлігінің стоп-сигналы жанбағаны үшін тоқтатқан. Сөйтсе, Нұрболдың жүргізуші куәлігінен айырылса да мәшине айдап жүргені анықталады, деп хабарлайды Zakon.kz "Евразия Бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Солай оның көлігі айып тұрағына кеткен. Үш айдан кейін көлігін алуға келген Нұрбол тоқсаныншы жылдары шыққан ескі Toyota Carina E көлігінің бөлшектері ұрланғанын көреді: құлпы бұзылған, айнасы жоқ, дөңгелектері ауысқан, салоны да талан-таражға салынған.

– Мәшинемді қалпына келтіру үшін маған енді екі миллион теңге керек. Менің көлігім Англияда құрастырылған, оған жапониялық көліктердің бөлшектері сәйкес келмейді. Барлық бөлшектерге тапсырыс беруге тура келеді, – деп түсіндіреді ол.

Оның сөзінше, басында күзетшілер оған "шу шығарма, өзіміз жөндеп береміз" депті. Бірақ ендігі екі жыл өтті, мәшине сол қалпы "шашылған" күйі тұр. Полицейлер өз кезегінде ұрыларды әлі іздестіріп жатқанын жеткізген.

Kolesa.kz сайты анықтағандай, 90-шы жылдары шыққан Toyota Carina E көліктерінің бағасы 1,5 миллион теңгеден аспайды екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған