Нұр-Сұлтанда дауыс беруге келетін жастар сыйлық алады

Toppress.kz
33 мыңнан астам астаналық ҚР Президенті сайлауына өмірінде алғаш рет қатысады.

Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін 18 жасар елорда тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

33 мыңнан астам астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады.

Сондай-ақ 9 маусым күні туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтар тапсырылады.

Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында "Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!" атты арнайы имидждік жоба іске қосылды.

9 маусымда Нұр-Сұлтан қала әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады