Бейсенбі күні елімізде ауа-райы құбылмалы болады

pxhere.com
Кей аймақтарда нөсер жауын болса, басқа өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер 6 маусым күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көптеген елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соған байланысты жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып өтеді, тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде найзағай, жел, шаңды дауыл, бұршақ болады, солтүстік аймақтарда тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, дауыл, жел 15-25 м/с күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с жел, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл болады. Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ болуы мүмкін. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл болады, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 30 м/с артады.

Маңғыстау облысында күндіз қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жағары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді