Тоқаев Қазақстан Президенті сайлауында дауыс берді

Zakon.kz
Мемлекет басшысы Астана Опера ғимаратында орналасқан № 115 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Nur Otan" партиясының атынан түскен Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет президентін кезектен сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

7 маусым күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президент сайлауына қатысты ойын білдіріп, өзінің принципиалды позициясы - адал әрі әділ сайлауды қамтамасыз ету екенін атап өтті.

- Сайлаудың нақты солай болатынына сенемін. Бұл үшін барлық мемлекеттік органдардың күші жұмылдырылды, - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-аккаунтінде.

Тоқаев сайлаудың ашық болуы азаматтық қоғамның қатысуының арқасында ғана жүзеге асатынын айтты.

- Сайлау бұл - қақтығыс пен шиеленіс емес, бағдарламалар сайысы. Ең бастысы - ұлт бірлігі, - деді Қазақстан Президенті.

Сенбі, 8 маусым күні, Қазақстанда Тыныштық күні болды. Бүгін, 9 маусым, жексенбі, республика азаматтарына Қазақстанның жаңа президентін таңдау қажет.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі, егер дауыс беру уақыты өзгертілмесе.

Дауыс беру еліміздің барлық өңірінде және одан тыс орналасқан 9 968 сайлау учаскесінде жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен сайлаушылар Реестріне дауыс беруге құықығы бар 11 814 019 азамат тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз