Елбасы қандай болашақ үшін дауыс бергенін айтып берді

Ақорда
Түпкі мақсат - еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қандай болашақ үшін дауыс бергені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

№58 сайлау учаскесіне келген Назарбаев, алдымен сайлаушылар тізімінде белгіленіп, бюллетен алған кейін дауыс беру үшін кабинаға өтті. Елбасы өзінің азаматтық міндетін атқарып болған соң журналистермен сұқбаттасты.

- Сіз Қазақстанның қандай болашағы үшін дауыс бердіңіз? - деп сұрады тілшілер.

- "2050" стратегиялық бағдарламасында барлығы толық жазылған. Яғни, 2050 жылға дейін Қазақстан осы бағдарламаға сәйкес дамитын болады. Түпкі мақсат - еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы. Мұнда Қазақстанның дамуы да, жастар да, әлеуметтік те, экономикалық та, халықаралық даму да кіреді, - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін