Идеальный. Шымкентте біреу 88-ші жылғы Аудиін 1,5 млн теңгеге сатпақ

kolesa.kz
Шымкентте "состояниесі сұмдық" деген Audi 100 автокөлігі сатылып тұр.

1988-ші жылғы бұл мәшиненің пробегі 349 мың шақырым, капотының ішінде – базовый 1.8-литрлік карбюраторлы мотор. Бірақ панелінде тахометр жоқ, деп жазады Zakon.kz kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Автордың өзі былай жазыпты:

"Мәшине идеальный жағдайда! Қазақстанда бірінші қожайын! Салоны таза! 4 цилиндр, германский заводской ручной подсосы бар! Карбюратор! + 4 жаңа қысқы дөңгелек! + антирадар Monako S. Бағасы окончательный!"


Көліктің құнын 1,5 млн теңгеге бағалапты. Қазіргі күні бұл Қазақстандағы 1988 жылғы ең қымбат Audi 100, дейді kolesa.kz.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды