"Астана" Чемпиондар лигасы алдында исландиялық ойыншымен күшейді

sport.ch
Жартылай қорғаушы соңғы үш маусымын Швейцарияда өткізген.

"Астана" футбол клубының ресми сайтында команда сапына Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссон ауысқаны жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойыншы клубқа еркін агент ретінде келді. Жалақысы туралы ештеңе айтылмайды.

28 жастағы жартылай қорғаушы соңғы үш маусымда швейцариялық "Грассхопперс" пен "Сант Галленде" ойнаған. Одан бұрын Швеция, Голландия және Исландия чемпионаттарында өнер көрсеткен.

Өз елінің ұлттық құрамасында 22 матч өткізіп бір доп соққан. 2016 жылдың жазында Сигурьонссон Исландия құрамасымен бірге Европа чемпионатына барды. Бірақ турнирде қосалқы құрамда қалып, алаңға шықпаған.

"Грассхопперстегі" соңғы маусымында орталық қорғаушы 16 ойын өткізіп, бес рет нәтижелі пас шығарды.

18 маусымда Чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінің жеребесі тартылады.

Алғашқы іріктеу ойындары 9-10 шілдеде, қарымта кездесулер 16-17 маусымда өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады