Президент республикалық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

Ақорда
Отан үшін аянбай еңбек ету – баршамызға ортақ мақсат.

ҚР Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Отанымыз – Мәңгілік елдің беделін арттыра беру – Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін.

Жақсы дәстүрге айналған "Айбын" әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, Ел қорғаны болуға тәрбиелейтін дәл осындай бірегей алаң.

Әскери-патриоттық қозғалыстың басты мақсаты – Өздеріңіз сияқты жалынды жастардың басын қосып, ел дамуына қажетті маңызды жұмыстарға белсене араластыру, күш жұмылдыру. Отан үшін аянбай еңбек ету – баршамызға ортақ мақсат,

Жасампаздық, бейбітшілік пен келісім, халқымыздың бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік және бәрімізге ортақ тағдыр жолы – біздің халқымызды біріктіретін құндылықтар. Бұл құндылықтар – жастардың басты бағдарына айналуы тиіс.

Отанымыз – Мәңгілік елдің беделін арттыра беру – Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін.

Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын Ашық деп жариялаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды