Зеренді ауданының әкімі мен оның орынбасарлары пара алғаны үшін сотталды

zakon.kz
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Зеренді ауданының әкімі М.Мұстафинға, сондай-ақ оның орынбасарлары Қ.Жақыповқа және Э.Мұқашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған тұлғалар жеке компаниялардың директорларынан жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту және оларға тиесілі емес телімде дәнді дақылдарды егу бойынша шаралар қолданбауы үшін 3 млн теңге сомасындағы, жалпы құны 1,5 млн теңгені құрайтын 2 жылқы және 3 мүйізді ірі қара мал түріндегі пара алған.

19 маусымда Зеренді аудандық сотының үкімімен Мұстафин 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, Мұқашев 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына, Жақыпов 4 млн теңге көлеміндегі айыппұлға сотталды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді