Қазақстандағы жол құрылысынан үш жылда 2.7 млрд теңге ұрланған

elorda.info
Биыл Қазақстанда шамамен 4 500 шақырым тас жолда жөндеу жүргізу жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекетті шығынға түсірген жүзге жуық дерек ашты. Жол құрылысынан жеген 55 азамат жауапқа тартылып, оның 24-і қазір сотталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Алматыжоллаборатория" директоры жол құрылысында пайдаланылатын материалдарды арзан түріне ауыстыруға келісім бергені үшін 2 млн теңге пара алып, енді оған 40 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Павлодаржоллаборатория" жетекшісі, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалы мен оның орынбасарының ісі сотқа берілді. Шенеуніктер мердігер ұйымдар өкілдерінен жүйелі түрде пара алып отырған.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директорына да жүйелі түрде пара алған деген күдік түсті.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда шамамен 4 500 шақырым тас жолда жөндеу жүргізу жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды