Алматы әкімдігі митинг өткізуге рұқсат берді

Alnur Ilyashev
Қаулының орындалуын бақылауды Байбек өзінің орынбасары Арман Қырықбаевқа тапсырған.

25 маусымда азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев Алматы қаласы әкімдігі бейбіт жиын өткізуге рұқсат бергенін хабарлады. Бұл туралы белсенді өзінің Facebook парақшасында жазды. Ильяшевтің сөзінше, жиын Алматыда митинг өткізуге рұқсат берілетін жалғыз орын - "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы саябақта 30 маусым күні 10.00-ден 12.00-ге дейін өтпек, деп хабарлайды Азаттық.

Ильяшевтің айтуынша, бұл - белсендінің митинг өткізуге рұқсат сұрап, Алматы әкімдігіне жазған 36-өтініші.

Алматы әкімдігі алдында Facebook қолданушыларының сұрақтарына тікелей эфирде жауап берген Ильяшев "Бұл - митингілер туралы митинг" дейді. Белсендінің сөзінше, бейбіт жиында Қазақстан азаматтарының митинг өткізу құқығының іске асуы жайлы айтылмақ. Ильяшев Алматы әкімдігіне өтінішті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Euronews арнасына берген сұхбатынан соң тапсырған.

Маусым айының ортасында шыққан сұхбатта Тоқаев "наразылыққа шығып, өз ойын айтқысы келгендерге арналған заң қабылданады. Олар тиісті органдарға өтініш жазады және оларға жиналып, ойларын айтатын орын беріледі" деген.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қол қойған қаулыны белсенді өз парақшасында жариялады. Әкімдік 19 маусымда түскен белсендінің бейбіт жиын өткізу туралы шағымы "Қазақстанда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" заңға сай мақұлданғаны жазылған. Қаулының орындалуын бақылауды Байбек өзінің орынбасары Арман Қырықбаевқа тапсырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті