Қызылорда облысында кене шаққан екі адам көз жұмды

НТВ
29 жастағы Шиелі ауданының тұрғынына ем-дом көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қызылорда облысында кене шаққан екі тұрғын ауруханада көз жұмды. Бірі осыдан бірнеше күн бұрын ауруханаға өте ауыр халде жеткізіліпті, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

29 жастағы Шиелі ауданының тұрғынына ем-дом көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған. Оған қырым-қанды безгегі диагнозы қойылды.

Бүгін қайтыс болған 44 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны қырым-қанды безгегін жұқтырды деген болжам бар.

- Екінші жағдай Сабалақ елдімекенінен 1985 жылғы азамат. Ол да ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Оған да тиісті емдер тиісті клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Бірақ нәтиже болмай, ол науқас та қайтыс болды. Бірақ, айта кететін жағдай, екінші науқаста қырым қанды безгегі диагнозы зертханалық негізде әлі нақтыланған жоқ, - деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі