Арыста 350 адам жоғалған жоқ – ІІМ ресми мәлімдемесі

ҚР ҚМ
Қала тұрғындарының барлығы көшіріліп, аты-жөндері анықталды. Із-түссіз жоғалып кеткен ешкім жоқ.

ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласының үш жүз елу тұрғыны із-түссіз жоғалып кеткені туралы таратылып жатқан ақпараттың шындыққа сай емес екенін ресми мәлімдейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат Арыстағы қайғылы оқиға орын алған күні пайда болды, ол теріске шығарылған болатын.

Қала тұрғындарының барлығы көшіріліп, аты-жөндері анықталды. Із-түссіз жоғалып кеткен ешкім жоқ.

ІІМ қазақстандықтарды Вацап пен әлеуметтік желілер арқылы таратылатын тексерілмеген ақпараттарға сене бермеуге, себепсіз үрей туғызбауға шақырады.

Сонымен бірге, жалған ақпарат тарату үшін ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Ресми ақпарат ұдайы шұғыл штаб арқылы таратылады.

Арыстағы жағдайға байланысты шұғыл желі тәулік бойы жұмыс істеуде.

Шымкент қаласы ТЖД – 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66,

Түркістан облысы ТЖД – 8 (7253) 35-83-02;

ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті – 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі