Арыста зарарсыздандыру жұмыстары басталды

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Барлық бригада қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.

Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келген мамандар Арыс қаласындағы зарарсыздандыру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Арыстағы төтенше жағдай бойынша және қалада зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл мен Қызылорда облыстарынан мамандар тобы келді. Олар дезинфекциялық шаралар аяқталғанша бірнеше күн жұмыс істейтін болады.

Жамбыл облысы бойынша тауар және қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен және зарарсыздандырумен айналысатын басқа да орталықтардан 30-ға жуық адам, Ұлттық сараптама орталығынаның Қызылорда облысы бойынша филиалынан 17 маман келіп, жергілікті әріптестерімен жұмысқа кірісіп кетті.

Барлық бригада қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео