Алматы облысының полицейлері жастарға отбасылық құндылықтар туралы әңгіме айтты

Алматы облыстық ПД
Кездесу соңында әр жас ең бақытты отбасын құрудың негізгі қағидаттары туралы ой түйді.

"Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикалық акциясы аясында облыстық тәртіп сақшылары Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, жастармен кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен дағдарыс орталығының психолог мамандары нәтижелі жұмыс жасауға ықпал етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуге Талдықорғандағы колледждердің бітірушілері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Кездесуде отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы мәселелер көтерілді. Осы тақырыпта арнайы әзірленген әлеуметтік ролик көрсетілді.

Кездесуге қатысушылар отбасындағы кикілжіңді болдырмау, жастар көзқарасындағы «бақытты отбасы» қандай болуы керек екені туралы өз пікірлерімен бөлісті. Психолог мамандар жастарға түрлі ситуациялық суреттер салдыру арқылы қиыншылықтарды жеңу, тығырықтан шығу әр тұлғаның өзіне, күш-жігеріне ғана байланысты екенін түсіндірді.

Кездесу соңында әр жас ең бақытты отбасын құрудың негізгі қағидаттары туралы ой түйіп, отбасындағы кез-келген проблеманы түсіністікпен, сыйластықпен, сеніммен және махаббатпен шешуге болатыны туралы шешімге келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды