Шымкентте жүрген арыстықтар жер мен үй сұрап көшеге шықты

shymkent.gov.kz
Шымкентте интернет өшірілді деген ақпараттар жүр желіде.

Халық қаладағы Темірлан тас жолын жауып тастады. Жиналған жұрттың алдына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент әкімі халықты тыныштыққа шақырды. Ол қаланың орталық жолдарының бірін жауып, Шымкенттен пәтер мен жер сұрау – қазіргі қолданыстағы заңдарға сай келмейтінін айтып кетті.

- Шымкенттен үй сұрайсыздар. 130 мың адам, оның ішінде табысы төмен мүгедектер де үйдің кезегінде тұр. Мен оларға не деймін? "Сендерге бермеймін, Арыс тұрғындарына беремін деуім керек пе?" Олар да адам ғой... Арыс – жақсы қала, станция. Экономикасы әлі дамиды. Ертең-ақ ол жерде ешқандай оқ дәрі болмайды. Жаңа үйлер салынып, жаңа жолдар салынады, - деді Шымкент әкімі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты