Қазақтарды жақсы көремін. "Астанадан" кеткен Кабананга бізді мақтады

Кабананга енді Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайды.

"Астанадан" кеткен конголық шабуылшы Жуниор Кабананга өз жанкүйерлеріне арнап жылы сөз жазды, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Бір рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде, үш рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде, Қазақстанда алты кубок, 2015 жылдан бері қолдау көрдім. “Астана” жанкүйерлері мен қазақстандықтарға алғысым шексіз", – деп француз тілінде жазған Кабананга өз постын қазақша аяқтапты:

“Астана” жүрегімде, мен сізді қазақтарды жақсы көремін, деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Кабананга енді Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайды. Арабтар оны "Астанадан" екі миллион евроға сатып алған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Après 1 Ligue des champions, 3 Europa league, 6 fois champions avec ASTANA au Kazakhstan vous m'avez soutenu depuis 2015. Je tiens à vous remercier énormément à vous les supporters d' Astana et au peuple kazakhs pour votre amour, les joueurs avec lesquels j'ai pu travailler,Et le Président qui m’a montré son soutien et son honneteté à tout moment. Une nouvelle page se tourne pour moi au revoir ASTANA JE VOUS AIME Астана жүрегімде, мен сізді қазақтарда жақсы көремін

Публикация от Junior Kabananga (@89okocha)

.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: