Алматы қаласы әкімі боп жақында тағайындалған Бақытжан Сағынтаев экология мәселесіне баса назар аударды деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы — жоғары азаматтық белсенділік қаласы. Менің позициям — бірге жұмыс жасау. Қаланың ҮЕҰ кездестім. Өзара іс-қимыл бағыттарын белгіледік. Шешім әзірлеуде барлық пікірлер ескеріледі. Экология тақырыбы ерекше айтылды. ЖЭО-2 бойынша алаңдаушылық басым. Объектіге кетіп барамын" деп жазды алдымен Сағынтаев Twitter-де.
Қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездескен қала әкімі үкіметтік емес ұйымдар мен қалалық билік органдары арасындағы өзара іс-қимылдың бірқатар перспективалы бағыттарын атады. Экология мәселесі мен ауа сапасына тоқталды.
"Мен алматылықтардың барлығын осы мәселе қатты мазалайтынын жақсы білемін. Қалалық ЖЭО-2 стансасын газға ауыстыру мәселесін егжей-тегжейлі зерттеуді жоспарлап отырмын. Осы ретте қоршаған ортаны ластаумен күрес және қаланы көгалдандыру бойынша сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды", - деді әкім.
Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, тәртіпсіздіктер мен қылмыстардың алдын алу, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, ПИК қызметінің жұмысын жақсарту, қалалық бюджет шығыстарының ашықтығы, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері де сөз болды. талқыланды.
Бүгінгі таңда қалада 4 мыңнан астам ҮЕҰ жұмыс істейді, оның 1 мыңға жуығы белсенді. Қалада 45 жастар ұйымы мен 170 діни бірлестік бар.
Алдында Сағынтаев Алматының Түркісіб ауданын аралап, сол араның халқымен жүздесіп, оларды мазалаған мәселелерден құлағдар болған.