Арыс халқы жыл соңына дейін салықтан босатылды

Арыста 792 заңды тұлға, 3 085 жеке кәсіпкер және 65 465 жеке тұлға тіркелген.

Арыс қаласының салық төлеушілеріне жыл соңына дейін салықтық каникул беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арыс қаласының салық төлеушілеріне салықтарды өндіріп алудың мәжбүрлеу шаралары мен тәсілдері қолданылмайды.

Арыс қаласында 792 заңды тұлға, 3 085 дара кәсіпкерлер мен 65 465 жеке тұлғалар тіркелгенін назарға саламыз.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Арыс қаласының салық төлеушілеріне салық каникулын ұсынатын болады. Бұл шара Арыс қаласын қалпына келтіру және оның әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ТЖ салдарын жою жөніндегі комиссияның отырысында айтылған Премьер-Министрдің тапсырмасында көрсетілген.

Салық берешегі бар салық төлеушілер бойынша мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту бойынша жұмыс қысқа мерзімде және оңайлатылған тәртіппен жүргізілетін болады.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне сәйкес салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның және (немесе) банктік кепілдіктерге қойылған мүлкін кепілге қойып салық төлеушінің өтініші бойынша кейінге қалдыру немесе бөлік төлеу ұсынылады.

Арыс қаласының салық төлеушісі кейінге қалдыруды немесе бөлік төлеуді алған кезде өсімпұл есептеуден босатылатын болатынын атап айту керек.

Сонымен қатар Арыс қаласының барлық салық төлеушілеріне:

- дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіпте тоқтату үшін;

- электронды түрде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру құқығын ұсынуға;

- салық есептілігін табыс етудi ұзарту құқығын беру (ұзарту мүмкiндiгi 1 айға дейiнгі мерзiмге);

- салық есептілігін табыс етудi (ұзарту, қайта бастау) тоқтату мүмкіндігі берілді.

Мұндай салық төлеушiлерге салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылмайды, салықтық берешектерді өтеу туралы хабарлама жолданбайды, салық төлеушiнiң (салық агентінің) кассасы бойынша, банктiк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайды, салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлiгiне шектеу өкімі шығарылмайды, салықтық берешектерді мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмайды.

Бұдан басқа, Комитет барлық көшпелі салықтық тексерулерді, сондай-ақ басқа да салықтық бақылауларды шектейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: