Талғарда жас келіншекті зорламақ болған таксист ұсталды

Zakon.kz
Талғарда 3 шілдеге қараған түні қараңғы көшелермен келе жатқан 30 жастағы әйелге белгісіз біреу тап беріп, зорламақ болған.

Алматы облысында жас келіншекті зорламақ болған күдіктіні ауыл тұрғындарының көмегімен полиция құрықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz.

Талғарда 3 шілдеге қараған түні қараңғы көшелермен келе жатқан 30 жастағы әйелге белгісіз біреу тап беріп, зорламақ болған. Әйел ойбайын естіген көшедегі адамдар полицияға бірден хабар беріп, оны ұстауға көмектескен.

"Ұсталған қалаға такси боп қатынайтын 44 жастағы ер адам боп шықты. Қазір зорлауға әрекет қылғаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Талғар аудандық полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу ісімен шұғылдануда", - дейді полициядағылар.

Сондай-ақ тура осы күні Талғар ауданында 19 жасар қызға да белгісіз біреу тап берген. Қыздың айқайы мен оның қарсыласуы күдіктіні үркітіп жіберген. Кейін полиция оны ұстап алды, ол көрші ауылдың 1991 жылғы азаматы болып шықты.

- Бұл жағдайда күдікті жергілікті психонаркологиялық диспансерде тіркеуде тұр екен. Туысқандарына ескерте отырып, оны біз медициналық мекемеге жатқыздық. Алдындағыдай, бұл іске қатысты да қылмыстық іс қозғалды, - дейді полиция департаментіндегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз