Арысты жөндеуге 34,5 млрд теңге қажет

NewTimes.kz
Бұл алдын ала жасалған есеп, шығындар әлі де саналуда.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов Парламент Сенатының пленарлық отырысында Арысты қалпына келтіруге қанша қаражат қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Арыс туралы мәселені депутат Әли Бектаев көтерген болатын.

– 1 шілдеде жасалған алдын-ала есептер бойынша, 34,5 млрд теңге қажет, оның ішінде 4,5 млрд теңге әрбір тұрғынға 100 мың теңгеден төлем жасауға көзделген. Соған байланысты үкімет резервінен 2 млрд теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 млрд теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 млрд теңге қамтылды, – деді Смайылов.

Оның сөзінше, 7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру керек, оның ішіндегі 49 үй құлап қалған.

– Үйлерді қалпына келтіру үшін 19,2 млрд теңге қажет. 66 әлеуметтік нысанды жөндеуге 7 млрд теңге керек болады. Қалада 54 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорттық нысан бар, – деді ол.

Министр Арыстағы электр желілерін, жылу желілері мен инфрақұрылымды жөндеуге үкімет резервінен 2,2 млрд теңге бөлінетінін айтты.

– Жалпы, үкімет резервінен – 15,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден - 10,6 млрд теңге жоспарланған, "Самұрық-Қазынадан" 6 млрд теңге, демеушілер мен гуманитарлық көмек – 2,5 млрд теңге. Бірақ барлығын санап болғаннан кейін бұл сома өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, "Бәйтерек" холдингі Арыс қаласының шағын және орта бизнесі үшін алты айлық жеңілдетілген кезеңімен 48 айға 1 пайызбен 5 млн теңгеге дейін несие береді, – деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты