Алматыда ҰБТ-ның комиссия мүшелері мейрамханада "шайқап" жүр

видеодан алынды
Мәселен, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы 25 адамға мейрамханада жайқалтып дастарқан жайған.

ҰБТ-ның комиссия мүшелері Алматы мейрамханасында қалай тойлатып жатқанын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері БАҚ өкілдеріне көрсетті деп хабарлайды осы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Zakon.kz.

Алдында баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінің директоры Арман Бердалин Алматы және Жамбыл облыстары бойынша өздеріне түскен шағымдарды тексеріп, зерттегенін мәлім еткен. Мәселен, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы 25 адамға мейрамханада дастарқан жайған. Арқаны кеңге жайып, ішімдікті сілтеп отырған қонақтары – ҰБТ-ның комиссия мүшелері. Тура сондай жағдай Алматыда да орын алған. Онда араққа тойып алған комиссия мүшелері өздерін дөрекі ұстаған.

- Бұл фактілерге қатысты қазір қызметтік тексеру басталып кетті, - дейді агенттіктегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз