Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Әзербайжанда жүр

Вице-премьер Әзербайжанның Мәдениет министрі Абульфаз Гараевпен де кездесті. Тараптар мәдениетаралық диалог, тарихи-мәдени мұраны сақтау, бірлескен мәдени-рухани жобаларды ілгерілету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

2-4 шілде аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап, Zakon.kz.

Сапар барысында Әзербайжан Премьер-Министрі Новруз Мамедовпен кездесу өтті. Әбдіқалықова Қазақстандағы президент сайлауының нәтижелері, жаңа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы және ішкі саясатының басымдылығы және олардың ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытымен сабақтастығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ұлы даланың жеті қыры» басым бағыттарының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Сондай-ақ ол Әзербайжан Үкіметінің басшысын 2019 жылғы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін қалалық туризм бойынша VIII Жаһандық саммитке шақырды.

Вице-премьер Әзербайжанның Мәдениет министрі Абульфаз Гараевпен де кездесті. Тараптар мәдениетаралық диалог, тарихи-мәдени мұраны сақтау, бірлескен мәдени-рухани жобаларды ілгерілету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Одан әрі вице-премьер Әзербайжанның Жазушылар одағына барып, елдің көрнекті зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Әбдіқалықова сұхбаттасушыларды Үшінші жаңғыру аясында Қазақстанда жүріп жатқан өзекті үрдістермен таныстырды. Өзгерулердің негізі қоғамның рухани жаңғыруы болып табылатынын атап өтті. Тілдері мен мәдениеті жақын, ортақ түркі тамыры бар екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша пікір алмасу орын алды.

Сапар аясында вице-премьер 30 маусым мен 10 шілде аралығында Бакуде өтетін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 43-ші сессиясына да қатысты.

Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде қазақстандық делегация басшысы Комитет мүшелерін еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды, атап айтқанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қорғалуы туралы хабардар етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: