Н. Ермекбаев "табиғи нәрсе" сөзінің мағынасын брифингте түсіндіріп берді 

Мен де бейтаныс адамға кешірім сұраудың негізі жоқ деп жауап бердім.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы төтенше жағдайды не үшін "табиғи нәрсеге" теңегенін түсіндірді.

- Бейтаныс жігіт келіп, амандаспай, өзін таныстырмай, экономикаға нұқсан келтірдің деп айыптаса және камера алдында кешірім сұрауды талап етсе, әр адам әртүрлі жауап қатар еді. Мен де бейтаныс адамға кешірім сұраудың негізі жоқ деп жауап бердім. Қайталап айтамын, мен камера алдында емес, зардап шеккен тұрғындардан кешірім сұрадым және тағы сұрауға дайынмын. Мен орыс мектебін бітіргенмін. 1 сыныптан 10 сыныпқа дейін қазақ тілінде бірде-бір сабақ алмағанмын. Сондықтан, қазақ тілін мүлтіксіз білемін деп айта алмаймын. Бірақ, елімізде қазақ тілін жетік білетін адамдар "табиғи нәрсе" сөзін орысшаға дұрыс аудармады. Сөздікте "табиғи" сөзі ең алдымен "естественный" деп аударылады. Айтқым келгені, бөлім командирін кінәлі деп айтуға болмайды. Себебі, әрбір әскери нысанда қауіп-қатер болады. Мұнда салғырттық немесе немқұрайлық, әдейі жасалған немесе техникалық себептер болуы мүмкін. Оны арнайы комиссия анықтайды, - деді Ермекбаев журналисттерге арналған баспасөз брифингінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: