Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

ATPress
Марқұм күйеуінің анасымен кездескен келін енесінен мұндайды күтпеген.

Бірі күйеуінен, бірі баласынан ерте айырылған қос мұңлық кездесіп, өткенді еске алмақ болады. Алайда оның арты жаман болады деп басында екеуі де ойламаған, деп хабарлайды Алтайньюс.

Сөз арасында жұбайын жамандаған келін енесінің әбден ашуына тиген. Ақыр соңында енесі пышақ ала жүгірген. Осылайша келінін бірнеше жерден жаралаған әйел төгілген қанды көргеннен кейін ғана есін жиып, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған.

Бұл оқыс оқиға бойынша іс Өскемен қалалық №2 сотында қаралды. Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Ал келіні болса, енесін кешірген. Сот үкімі бойынша, айыпталушыға 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру және 300 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, 50 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды