Салық рақымшылығына кімдердің ілігетіні белгілі болды

24 kz
Вице-министрдің айтуынша, салық рақымшылығы бойынша негізгі қарызын өтегендердің айыппұлы мен өсімпұлы алынып тасталады.

Ел азаматтарына салық жағынан рақымшылық жасауды көздейтін заң келесі аптада өз күшіне енеді. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрінің орынбасары Қанат Байеділов айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Вице-министр осы күні 1,5 млн отандасымыздың салық берешегі барын айтады. Қарыз көлемі 20,9 млрд теңгеге жеткен. Оның 6,6 млрд теңгесі - айыппұл мен өсімпұл.

Берешекке белшесінен батқандардың дені Шымкентте. Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары да қарызданып, қауғаланып қалыпты. Олардың көбі көлік салығын, жер және мүлік салығын өтемей жүргендер.

Осы тұста министрдің орынбасары салықтық рақымшылыққа кімдердің іліге алатынын да айтып берді. Оның сөзінше, салық бойынша негізгі қарызын өтегендердің айыппұлы мен өсімпұлы алынып тасталады. Сонда олар таза қарыздарын ғана өтейді, ал мемлекет тарапынан салынған айыппұлдар бірден жойылады.

- Салық төлеушілерге ол үшін ешбір ұйымға жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер қызметінің мамандары күнделікті мониторинг жасап, негізгі қарызын өтегендердің өсімпұлын автоматты түрде алып тастап отырады. Егер салық бойынша өткен жылғы негізгі қарызын және өсімпұлды төлеген отандастарымыз болса, олардың айыппұл үшін төлеген ақшалары қайтарлып береді. Ол үшін мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне өтініш жазуы керек, - дейді ҚР Қаржы министрінің орынбасары Қанат Байеділов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды