Қорғаныс министрі Тоқаевтан сөгіс алды

баспасөз қызметі
Мұндай жағдай енді қайталанбауы тиіс.

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Сіз қорғаныс министрлігі құрылымындағы жаңа адамсыз, бірақ қазіргі жағдайға толық жауапкершілік арқалайсыз. Мен Бас қолбасшы ретінде қорғаныс министрлігіндегі қазіргі жағдайды қанағаттандырарлықсыз деп қабылдап, сізге қатаң ескерту жариялаймын, – деді президент.

Орнынан тұрған Ермекбаев "Есть!" деді. "Отырыңыз", деген Тоқаев ары қарай жалғастырды.

– Отырыңыз. Апаттың салдары өте ауыр, айтудың өзі артық. Қазір барлық күш-жігерімізді апат салдарын жоюға жұмылдырып отырмыз. Қаланың басым бөлігіне бомба түсті. Кінәсі бар барлық жауапты тұлғалар қатаң жазасын алуы тиіс, – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, орын алған жағдайдан сабақ алуымыз керек.

– Болған оқиға біздің төтенше жағдайға дайындығымыз нашар екенін көрсетті. Осы жағдайдан сабақ алуымыз керек. Мұндай жағдай енді қайталанбауы тиіс. Үкімет төтенше жағдайлар қызметінің функционалдық дайындығы мен тиімділігін арттыру мәселесін шешуі керек. Тиісті ұсыныстар бір айдың ішінде жасалсын. Арыстағы жарылыс салдарын жою жұмыстары менің жеке бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі