"ҚазАгро" жойылуы мүмкін. Тоқаев қатты-қатты сөйледі

agroinfo.kz
Шығыны шаш етектен болатын квазимемлекеттік құрылымдардың және ұлттық компанияларды көрген түстей ұмытуымыз керек. Олар шығынға емес, тек кірістерге жұмыс істеуі тиіс.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазАгро" ұлттық компаниясын реформалауды тапсырды. Оның пікірінше, бұл холдинг сауатсыз, қолынан түк келмейтін басшы басқарған осындай сорлы құрылымның бір мысалы бола алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Квазимемлекеттік сектордың ірі субъектілер қызметінің тиімділігін мұқият бағалайтын уақыт келді деп ойлаймын. Әр ұлттық холдинг, әр ұлттық компания Қазақстан мен оның азаматтарына өз пайдасын әкелуі керек. Шығыны шаш етектен болатын квазимемлекеттік құрылымдардың және ұлттық компанияларды көрген түстей ұмытуымыз керек. Олар шығынға емес, тек кірістерге жұмыс істеуі тиіс, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ұлттық компаниялар даму институттары ретінде құрылып, экономиканы, инфрақұрылымды және өнеркәсіпті дамытуға, яғни халыққа қызмет етуге бағытталғанын баса айтты.

- Құрылымды толығымен кеңейту, қайтсем пайда табам деген мемлекеттік холдингтер үшін соңғы мақсат болмауы керек. Оның көп бөлігі – монополистер, сондықтан олардың табысы бұл - бизнестің және азаматтардың шығындары. Ең алдымен "ҚазАгроға" қатысты түбегейлі шешім қабылдау қажет. Ол арадағы мәселе жасырын емес, жұрттың бәрі біледі, - деді Президент.

Оның айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазАгро" компаниясының жинақтық шығыны 120 млрд теңгені құрайды. Ал олар қаржыландырған 672 жобаның 270-і немесе 40 проценті жұмыс істемей тұр.

- Бұл арада талқылап, түсіндіріп жататын дәнеме жоқ. Бәрі анық, бәрі белгілі. Анығы шығынға батқан компанияны дереу реформалау керек. Мүмкін холдингті басқаруға шетел мамандарын тарту туралы ойлану керек шығар. Үкіметке осы мәселені екі айдың ішінде шешу жөнінде нақты ұсыныстар ұсынуды тапсырамын. Жалпы, екі айдың ішінде жағдайды түбегейлі түзету қажет. Бұл өте ыңғайсыз нәрсе, - деді Мемлекет басшысы.

Әрі Президент осыған байланысты Есеп комитеті мен Үкіметке квазимемлекеттік сектордың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеуді тапсырды. "ҚазАгроның" қызметін жалғастыру немесе жалғастырмау мәселесін Президент осы бағалау нәтижелерiне қарап шешетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты