АҚШ-та Перудің бұрынғы президенті қамауға алынды

occrp.org
Сот Толедоны қамау туралы 2017 жылдың ақпан айында үкім шығарған, енді АҚШ оны Перуге экстрадициялауы тиіс.

Перудың бұрынғы президенті Алехандро Толедо АҚШ-та ұсталды. Оған өз елінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған. АҚШ Перудің өтініші бойынша саясаткерді қамауға алған. Бұл туралы Оңтүстік Америка Республикасының Бас прокуроры мәлімдеді, деп хабарлайды TASS агенттігіне сілтеме жасап Zakon.kz.

2017 жылдың ақпан айында Перу соты 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейін ел президенті болып қызмет еткен Толедоны қамауға алу туралы үкім шығарды. Оның үстінен Бразилияның Odebrecht құрылыс корпорациясымен ауызжаласып, заңсыз келісімшартқа отыру және жемқорлық бойынша іс қозғалған.,

Тергеушілер келтірген дерекке сүйенсек, экс-президент пен оның маңындағы шенділер бразилиялық компаниядан 20 миллион доллар көлемінде пара алған. , Odebrecht параны ірі автожол құрылысы бойынша тиімді келісімшартқа қол жеткізгені үшін берген.

Толедоға бірден іздеу жарияланған, бірақ елін тастап, қашып үлгерген. Ол 2013 жылы АҚШ азаматтығын алып алған болып шықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты