ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен болып, онда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен бірге "Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы" бағытындағы халықаралық маңызы бар автокөлік жолының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Үкіметінің басшысы "Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасының шекарасы" халықаралық автомобиль жолының ашылу рәсімімен құттықтап, бұл айтулы оқиғаның Орталық Азияның көлік инфрақұрылымының дамуына, сауда-саттық көлемінің артуына, транзиттік әлеуетін іске асыруға айырықша серпін беретінін атап өтті.
"Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен іске асырылды. Бұл жолдың ашылуы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев және Өзбекстан президенті Ш.Мирзиеев айқындаған стратегиялық әріптестікті қарқынды дамыту символы болып табылады", - деді ҚР Премьер-Министрі.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынастар сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді және тұрақты оң динамикаға ие болды. Жыл басынан бері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 20 процентке өсіп, 1 млрд долларға жуықтады.
ҚР Үкімет басшысы "бұл жобаның ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Тоқаев қатысқан Өзбекстандағы Қазақстан жылы шарасы аясында бастау алуының терең мәні бары екенін" атап өтті.
"Биыл сәуір айындағы Мемлекет басшының Өзбекстанға мемлекеттік сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қосымша серпін берді",- деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.
Үкімет басшының айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынас сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеріліп, оң динамикаға ие болды. Оның дәлелі өзара сауда көлемінің жыл сайынғы өсімі болып табылады. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналым 3 млрд долларды құрады. Биылғы жылдың басынан бері тағы да оң өсім байқалуда.
Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан елдері үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жоба табысты іске асырылып, Жібек жолының сауда ағынына және бүкіл біздің аймақтың дамуына жаңа серпін береді", — деді ол.
Сондай-ақ өзбек үкіметінің басшысы бұл автомагистральдің, ең алдымен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі жандандыру үшін маңызы зор екенін атап өтіп.
Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин өңірдегі бірқатар инновациялық өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды, өңірдегі "жасыл экономиканың" дамуымен және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен, жаңа мәдени және туристік нысандардың салыну барысымен танысты.
Асқар Мамин Маңғыстау облысында жаңартылатын электр энергиясы көздерінің дамуымен, автожолдардың салынуымен және қайта жөнделуі жұмыстарымен танысты. Өңірде жалпы қуаттылығы 50,6 мегаватт болатын күн және жел электр станцияларын салу бойынша бірқатар жобалар іске асырылған. 2021 жылға қарай өңірде қуаттылығы 147,6 мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздері жұмыс істейтін болады деп күтілуде.
ҚР Премьер-Министрі жаңа ықшам аудандарды сумен, жылумен, газбен, электрмен қамтамсыз ету үшін инженерлік желілерді салу бойынша жобалар туралы мәліметтерден қанық болды.
"Шлюмберже" компаниясының мегабазасын аралау кезінде Мамин мұнай кен орындарына қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның жаңа өндірістік және сервистік мүмкіндіктерімен танысты. Қазіргі кезде компания Қазақстанда тапсырыс берушілердің басым бөлігінің қажеттіліктерін өтеп отыр.
Асқар Мамин жоғары сапалы жол битумдарын өндіретін "Каспи битум" бірлескен кәсіпорын жұмысымен танысты. Бірлескен кәсіпорын құрылтайшылары – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "CITIC Kazakhstan" ЖШС. Кәсіпорын 1 млн тоннаға дейін жоғары шайырлы мұнайды өңдеп, жылына 520 мың тоннаға дейін түрлі маркалы битумдар өндіре алады. 2018 жылы кәсіпорын Қазақстандағы барлық жол битумының 37 процентін шығарды.
"Каспий" тұщыландыру зауытын аралау кезінде ҚР Үкіметінің басшысына зауытты жаңғыртудың екінші кезеңі туралы баяндалды, онда ауыз су өндіруді тәулігіне 40 000 текше метрге дейін арттыру қарастырылған, бұл Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының тұрғындарын сапалы аузы сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР Премьер-Министрі жаңа туристік кешеннің және Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталықтың құрылыс алаңдарында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мәдени орталықтың жалпы аумағы 9,5 мың шаршы метрді құрайды. Нысанды 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға беру көзделген.
Мамин аралап көрген Каспий теңізінің жағалауындағы заманауи қонақ үй кешені туристерге қажетті барлық инфрақұрылыммен жабдықталған, ол 800 орынға шақталған. Қонақүйді 2020 жылы маусымда пайдалануға беру көзделген.