"Ювентус" 19 жастағы футболшыны 75 миллион евроға сатып алды

instagram
Ол жігіт А Сериясындағы ең жалақысы жоғары қорғаушы болып отыр.

Туриннің "Ювентусы" ресми сайтында голландиялық "Аякстан" қорғаушы Маттейс де Лигттің келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жастағы ойыншы 2024 жылдың 30 маусымына дейін бес жылдық келісімшартқа отырды.

Баспасөзде тараған ақпаратқа сәйкес, "Ювентуске" ауысқан голландиялық ойыншы Италия чемпионатындағы ең жалақысы жоғары қорғаушы болып отыр: оның айлығы 12 миллион евро, деп жазады vesti.kz.

Голландия құрамасы қорғаушысының трансфері үшін "Ювентус" 75 миллион евро төлейді.

Де Лигт 2018/2019 жылғы маусымда "Аякстың" капитаны болған. Сол маусымда "Аякс" Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті. Де Лигт 17 матч өткізіп, үш доп соққан.

Ал Голландия құрамасында қорғаушы 15 ойынға қатысып, бір доп соқты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды