Шымкентте көлік тұрағынан 4 жасар қыздың өлі денесі табылды

otyrar.kz
Ақжарқынның айтуынша, баланың ішкиімі болмаған, ал бет-аузы көкпеңбек боп көгеріп кеткен.

Шымкент қаласында қараусыз көлік тұрағынан өлі табылған төрт жасар қыздың суреті жарияланды, деп хабарлайды Отырар телеарнасына сілтеме жасап, Zakon.kz.

Сурет анасының рұқсатымен БАҚ беттеріне орналастырылды.

Қайтыс болған бүлдіршіннің туысқан әпкесі Айжарқын Айтбаева баланың қалай жоғалып кеткенін баяндады. Оның айтуынша, бала есік алдында ойнап жүрген. Ол үйіне түскі 15-00 шамасында келген. Сөйтіп баланың жоғын аңғарған. Өз бетімен олар баланы 2 сағат жаппай іздеген. Одан соң полицияға хабар берген. Туысқандары қараусыз қалған көлік тұрағынан баланың өлі денесін тауып алған.

Ақжарқынның айтуынша, баланың ішкиімі болмаған, ал бет-аузы көкпеңбек боп көгеріп кеткен. Қайғылы оқиға орнына жеткен баланы әкесі үйіне алып кеткен. Ал үйден баланың денесін криминалистер әкеткен.

Қайғылы оқиғаның бірнеше болжамы қарастырылып жатыр. Соның ішінде қасақана кісі өлтіру болжамы да бар. Полиция қазір күдіктілер мен куәгерлерді анықтап жатыр.

Көршілердің айтуынша, марқұм бүлдіршіннің отбасы оқиға болған жерден 500 метрдегі жатақханада тұрған. Қайғылы оқиға кезінде қыздың анасы жұмыста болыпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев