"Қинаған...". Шымкентте мерт болған бүлдіршіннің анасы жанайқайын жеткізді

Отырар ТВ
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыздың денесі табылған жер – алқаш қаңғыбастардың мекені.

Шымкентте мерт болған бүлдіршіннің анасы полицияның жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Оtyrar.kz-ге сілтеме жасап, Zakon.kz.

Үш жастан асқан бүлдіршіннің өлі денесі Шымкент қаласындағы Застенный көшесіндегі қираған көлік тұрақтары ішінен табылған. Кәусарды шешесі аулада жоғын аңғарып, түсте іздеуге кіріскен. Үш сағаттан соң өздері тұратын жатақханадан 500 метр жерден баланың өлі денесі табылды.

"Ол менің жалғыз қызым. 38 жасымда туғам. Көрініп тұр, қинаған. Бет-аузы, барлық жері қан. Қалай өлгенін білмейміз. Полиция ештеңе айтпайды. Олар жұмыс істеп жатқан жоқ", - дейді қайғы жұтқан ана.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыздың денесі табылған жер – алқаш қаңғыбастардың мекені. Сол себепті де бұл жер қылмыс жиі жасалатын ауданға жатады. Негізінен, мұнда ұрлық көп орын алады екен.

"Қазір бұл көшедегі адамдар баласын аулаға ойнатуға жіберуге қорқып қалған. Бізге белгілі болғандай, күдіктілерді полиция ұстаған", - дейді жергілікті телеарна тілшісі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты