Браконьерлер өлтірген инспектордың отбасына көмек көрсетіледі – министрлік

inform.kz
Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін браконьерлерді ұстау кезінде Охотзоопром инспекторы Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Оспанов Самат ауруханаға түсті. Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Олардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазды министр өзінің Твиттер-дердегі парақшасында.

Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті "Нива" маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған. Салдарынан Қаныш Нұртазинов Державинск ауруханасында көз жұмды.

Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Самат Оспановқа Державинск аудандық ауруханасында ота жасалуда.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр.

Қайтыс болған Қаныш Нұртазиновтың артында 5 баласы қалды. Марқұмның отбасы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрады. Қазіргі уақытта марқұмның денесін туған ауылына жеткізу мәселелері талқыланып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды