ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында заңсыз қару саудасымен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ескертусіз тексеру жүргізу шарасы кезінде 8 Калашников автоматы және 2 тапаншаны сату фактісі тіркелді. Бұл қарулар заңды жолмен тәркіленіп алынды.
2019 жылғы 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және "қарақшылар қауымдастығының" өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар болып табылады.
Тінту іс-шаралары кезінде фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайынан қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылды.
Арнайы операция нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз қару саудасына жол беретін тағы бір арнаның жолы жабылды. Ұсталған адамдардың осыған дейін сатқан қаруларды да тауып, тәркілеу бойынша да іс-шаралар қолға алынды.