"Шегін деген команда түсті". Арыстағы оқиғаны толық сипаттайтын видео жарияланды

YouTube
Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ҚР Қарулы күштерінің әртүрлі бөлімдерінен 2500-ден аса адам қатысқан.

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыста болған жарылысқа қатысты видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеода Арыстағы қойманың жарылған сәтінен бастап ақырына дейін не болғаны баяндалады. Сөйтсе ол араға, ең бірінші боп ҚР Қарулы күштердің өрт сөндірушілері жеткен. Бірақ алапат өрт ортасында қалған олар қанша жанталасқанымен өрттің бетін қайтара алмайтындарын түсінген. Өйткені бұл кезде от оқ-дәрілеріге жетіп, олар жан-жаққа бей-берекет атқылай бастаған. Сонда оларға: "Шегініңдер!" деген бұйрық беріледі.

Видеода төтенше жағдай кезінде әскери өрт сөндірушілердің жылдам әрекет еткендігі, өрт сөндірушілердің сұхбаты көрсетілген. Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ҚР Қарулы күштерінің әртүрлі бөлімдерінен 2500-ден аса адам қатысқан.

Жарылыстан 1 қала тұрғыны және өрт сөндіру кезінде екі әскери қызметші қаза тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысындағы Арыс қаласында орналасқан әскери қоймада жойқын жарылыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды