Арыста 5051 отбасы үйіне оралды

ҚР ИИДМ
Қаланы қалпына келтіру жұмыстарын 7785 құрылысшы жалғастыруда.

29 шілдеге қарай құрылысшылар Арыс қаласында 2707 үйді пайдалануға тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы 2344 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Мұнда шатыр жөнделіп, терезелер орнатылды, кейбір нысандарда косметикалық жөндеу жүргізу ғана қалды. Қазір 5051 отбасы өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаланы қалпына келтіру жұмыстарын 7785 құрылысшы жалғастыруда. Бір ай бойы олардың қатары күн сайын ондаған адамнан екі жүзге дейін толықтырылып отырды.

Ауқымды құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық аймақтары, сондай-ақ Республикалық маңызы бар қалалар жұмылдырылған. Арыстағы ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап Министрлік атынан бірінші вице министр Қайырбек Өскенбаев қалпына келтіру жұмыстарына бақылау және мониторинг жасау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді