Денсаулық айлығын өткізу туралы ақпарат

pixabay.com
Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету.

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында қаланың сапалы медициналық қызметке зәру аудандарына мобилді топтарды жібереді. Денсаулық айлығына басқарманың Алматы қаласындағы ведомстволық бағынышты медициналық ұйымдары қатысады.

Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету.

Басты міндет – бірінші кезекте балалардың, азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту және профилактика.

Тұрғындарды жан-жақты тексеру үшін жылжымалы кешендер қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Терапевтер,педиаторлар,кардиологтар және басқа да білікті дәрігерлер қабылдаулар жүргізеді.

Денсаулық айлығы барысында қалалықтар ағзадағы холестерин, қандағы қанттың деңгейін білу үшін сараптамадан, ВИЧ-ке және тері-соз ауруларына қатысты экспресс- тестілеуден өтеді, дене салмағы бойынша антропометриялық қорытынды алады, көз қысымын өлшетіп, ФГ арқылы тексеріледі және фтизиатордың қабылдауында болады.

Бұлардан өзге,медицина қызметкерлері «Халықты тіркеудің регистрі» бойынша толық мағлұмат береді, мобилді қосымшамен қалай жұмыс жасауға болатындығын түсіндіреді.

Қалалықтарға скринг және міндетті медициналық сақтандыру бойынша толық ақпарат ұсынылады.

Денсаулық айлығы кезінде:

Флюорография,рентген аппараттарымен жабдықталған бес машина;

КамА базасы негізінде екі жылжымалы медициналық кешен (ЖМК);

ПАЗ базасы негізінде бір ЖМК;

Диагностикалық қондырғы (ЭКГ, Рентген- зерттеу, ФГДС) қызмет көрсететін болады.

Тұрғындарға кардиолог,пульмонолог,терапевт,стоматолог, акушер-гинеколог кеңес береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты