"20 мың дейді". Тоқаев туфли сатып алғанын желіде жазды

kp.kz
Мемлекет басшысы желіде "Айқын" республикалық газетіне шыққан бір мақаланы тегтеп жіберіпті. Онда 2016 жылы аяқ-киім шеберханасын ашқан Shoes Republik фирмасының басшысы Дәурен Раманқұлдың сұқбаты жарияланған екен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компания өндірген аяқ-киімді сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек адамы мен отандық тауар өндірушілерді осылайша қолдайтынын білдірген Президент бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Айқын" қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс" деп жазды Президент желіде.

Оған қоса, Мемлекет басшысы желіде "Айқын" республикалық газетіне шыққан бір мақаланы тегтеп жіберіпті.

Ал ол мақалада елімізде 2016 жылы аяқ-киім шеберханасын ашқан Shoes Republik фирмасының басшысы Дәурен Раманқұлдың сұқбаты жарияланған. Ол алғашқы жылы бір айда 100 жұп аяқ-киім өндірсек, бүгіндері 1000 жұп аяқ-киім өндіретін дәрежеге жеттік депті. 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал өндірген тауарының орташа құны 15-20 мың теңге көрінеді.

Алматыда екі аяқ-киім дүкені бары да айтылады. Бірақ саудасының көрігі дүкеннен гөрі Интернет желісінде жақсы қызатын сыңайлы.

"Тауарымызды сатып алушылар, негізінен, мұғалімдер, банк саласының адамдары және мемлекеттік қызметкерлер", - дейді ол. Олардың қатарына енді, міне Президент те келіп қосылған секілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды