Елордада Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің XIII раунды өтіп жатыр

24 kz
Келіссөздің бәрі жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Негізгі пленарлық отырыс ертеңге жоспарланған.

Елордада Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің XIII раунды өтіп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Алқалы жиынға кепілгер елдер Түркия, Иран және Ресейден өкілдер шақырылған. Сондай-ақ Сирия режимі мен қарулы оппозициялық топтардың делегаттары да бар. Ливан және Ирак тарапы алғаш рет бақылаушы ретінде қатысуда. Келіссөздің бәрі жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Бүгін екіжақты және көпжақты кеңестер болады. Кешкісін Ресей Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат бермек.

Негізгі пленарлық отырыс ертеңге жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз