Қазақстанда 2 тамызда жаңбыр жауып, найзағай соғады

publicdomainpictures.net
Тек республиканың оңтүстігінде ғана ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың кей жерлеріңде жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе түнде және таңертең Қызылорда, Атырау, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін