Жергілікті тұрғындар мен шетелдік жұмысшылар арасында тағы төбелес болып, оның видеосы Инстаграм желісіндегі karaganda.city парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға демалыс күні - 12 тамызда Жәйрам ауылында орын алған. Оқиға орнында облыс әкімі Ерлан Қошанов болып, жағдай реттелген.
"Кездесу сәтті өтті, ауылдағы жағдай бірқалыпты, барлық жағдай облыс әкімінің бақылауында, қобалжуға негіз жоқ", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ал жанжалдың шығу себебі айтылмады. Белгілісі, жанжал жергілікті кен-байыту комбинатында орын алған. Сол арада жұмыс істейтін бірнеше шетелдік азамат жеңіл жарақат алыпты. Оларға медициналық көмек көрсетілген.
Айта кетсек, бірер апта бұрын Теңіздегі мұнай өңдеуші компанияда жергілікті жұмысшылар мен арабтар арасында кикілжің орын алып, арты төбелеске ұласқан. Оған себепкер араб азаматтары елден шығарылған. Сол секілді бірқатар жергілікті жұмысшы да жұмыссыз қалған еді.
Оқи отырыңыз: Қарағандыдағы қанды оқиға: Төбелестің неден туындағаны белгілі болды
Тағы да: Әкімдіктегі төбелес