Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті

24 kz
Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерге қатысты жедел шешім ұсынумен қатар алдымызда халықаралық нарықтардағы теріс үрдістерді ескере отырып, экономиканың ортамерзімді келешектегі даму бағдарын айқындау міндеті тұрғанын атап көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Ақордада экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті. Кеңес барысында биылғы 7 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Хабар 24.

Кеңес кезінде Премьер-министр Асқар Мамин, Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады. Жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтер бағасының өсуін болдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуына салмақты серпін беру мақсатында жаңа тәсілдер ұсынудың айрықша маңыздылығын атап өтіп, бұл үшін Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің және сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысы қажет екеніне ерекше тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерге қатысты жедел шешім ұсынумен қатар алдымызда халықаралық нарықтардағы теріс үрдістерді ескере отырып, экономиканың ортамерзімді келешектегі даму бағдарын айқындау міндеті тұрғанын атап көрсетті.

Кездесу соңында Президент азаматтардың тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеу үшін басты назарды олардың мүдделеріне, халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуына аудару қажет екеніне баса мән берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті