Жалпықазақстандық бренд құру керек – Тоқаев

Ақорда
Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған президент Үкіметке осындай тапсырма берді.

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған президент Үкіметке осындай тапсырма берді. Жалпықазақстандық бренд 2 айда дайын болуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев елге жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты, бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет екенін айтты.

Ол индустриализация жылдары біраз іс атқарылғанымен, экономика айтарлықтай қарқын алмай отырғанын атап өтті. Президент дайын өнім экспортын дамыту керектігін айтып, отандық өнім өндірушілерді ынталандыру жолдарын ұсынды. Ал отандық өндірушілерді қолдауға бөлінген 600 миллиардтың 62 млрд ғана берілген.

Президент бұған бюрократиялық кедергілер әсер етіп отырғанын сынға алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды