Мәселе онда емес – Сапарбаев "екі сиыр" тақырыбын "бұрып" жіберді

ПМ
Ол әңгіме екі сиыр да емес, халықтың жұмыс істеуінде екенін айтты.

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев екі сиыр түгілі біреуімен де күн көруге болады деп санайды. Тек ол үшін жұмыс істеу керек. Бұл туралы ол елордада "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Екі сиыр төңірегіндегі әңгіме Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін туындаған еді. Сол жолы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетке алақан жаятындарды сынаған болатын. Елбасы көмек сұрай беретіндерге "екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра" деп кеңес берді.

Бүгін астанада "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының ашылуында журналистер Бердібек Сапарбаевтан осыған қатысты пікірін сұрады.

"Еңбек етсеңіз, күн көруге болады. Бәріміз де, негізінен, ауылдан шықтық қой. Бір сиырмен де, екі сиырмен де күн көруге болады. Бірақ ол үшін сиырға да жағдай жасау керек", - деді вице-премьер.

Ол әңгіме екі сиыр да емес, халықтың жұмыс істеуінде екенін айтты.

"Ешкім ешкімге жем-шөпті әкеп бермейді. Құдайға шүкір, біздің жеріміз де, шөбіміз де, суымыз да жеткілікті. Тек әрекет жасау керек. Ол сиырға жем-суын дер кезінде берсең, ең кем дегенде 7-8 литр сүт береді. Сол сүттің 2-3 литрі өзіңнің қажетіңе кетсе, қалғанынан май да, құрт та, қатық та, қаймақ та шығады. Әңгіме екі сиырда емес. Әңгіме халықтың жұмыс істеуінде. Өйтпесек болмайды, ағайындар!", - деді Сапарбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды