Тұрғымбаев Алматыда көлікпен қасақана адам қаққандардың аты-жөнін атамады

ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Министр олардың қандай жаза алатынына қатысты ештеңе айта алмады.

Үкіметте ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда көлікпен қасақана жаппай адам қағу оқиғасына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қазір екі автокөлік ұсталды, екеуі де бізде. Оқиғаға қатысушылардың бірі ұсталды, екіншісі көп ұзамай ұсталады деп ойлаймын. Зардап шеккен үш адам ауруханада жатыр. Екеуінің аяқ-қолы сынып, бас-ми жарақаттары бар. Екі автокөліктің ішінде екі жүргізуші болған, бірі қазір ұсталған. Олар көліктерін сол жерден алыс емес маңға тастап кеткен, оны тауып алдық, - деді ол.

Министр бірнеше бап бойынша – автокөлікті мас күйде жүргізу, бұзақылық, дене жарақаттардың ауырлығына байланысты кісі өлтіруге оқталу баптарымен қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Бірақ Тұрғымбаев ұсталғандардың аты-жөндерін атамады, бұл ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды деді.

- Бәрін бүге-шүгесіне дейін айтпай-ақ қояйын, оны тек сот шешеді, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді